389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Thomas Cook банкротка ұшырап, жүздеген мың британдық шетелде қалып қойды

  • 186
  • UPD: 12:09, 24.09.2019
Thomas Cook банкротка ұшырап, жүздеген мың британдық шетелде қалып қойды

Әлемдегі ең көне Thomas Cook туристік компаниясы банкротка ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фирма дағдарыстан құтылуға қажетті қаржы таба алмай, әуе билеттерінің күшін жойып, брондар мен турларды алып тастай бастады.

Осының салдарынан жүздеген мың британдық шетелде қалып қойды. Қазір британ үкіметі өз азаматтарын елге қайтару жолдарын қарастырып жатыр.

Айта кетсек, аталған компания 1 миллиард 700 миллион фунт стерлингке қарызданған. Ең көне туроператор басшысы Петер Фэнкхаузердің мұндай жағдайға өкініш білдіріп, клиенттер мен қызметкерлер алдында кешірім сұрады. Жалпы Thomas Cook жылына 19 миллион адамға қызмет көрсетіп келді. Фирманың 16 елде орналасқан қонақ үйлер мен курорттық орындарды басқарып келді. Сонымен қатар оның меншігінде әуе компаниясы да бар.

Хабар 24 телеарнасы