389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ормуз бұғазында қамауға алынған британдық танкер босатылды

  • 202
  • UPD: 07:30, 28.09.2019
Ормуз бұғазында қамауға алынған британдық танкер босатылды

Ормуз бұғазында қамауға алынған британдық мұнай танкері теңіз айлағынан жолға шықты.

Танкер Біріккен Араб әмірліктеріне бағыт алды. Иран сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, кеме босатылғанмен, бұл іс бойынша сот тергеуі жалғасады.

Еске сала кетсек, Иран әскері шілде айында британдық танкер халықаралық ережелерді бұзды деген айыппен оны қамауға алған болатын. Кемеде 23 адам болғаны белгілі. Осы айдың басында Иран билігі экипаждың бір бөлігін босатқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы