389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда фабрикада болған өрттен 19 адам қаза тапты

  • 174
Қытайда фабрикада болған өрттен 19 адам қаза тапты realty.ria.ru

Қытайдың Чжэцзян провинциясында орналасқан фабрикалардың бірінде өрт болып, 19 адам ажал құшты.

Бұл туралы Sina ақпараттық порталы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды.

Қолда бар мәліметке сүйенсек, қызыл жалынның құрсауынан 8 адам құтқарылған, оның үшеуі түрлі деңгейде жарақат алған.

Қазіргі таңда оқыс оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы