389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та электронды темекіден 15 адам көз жұмды

  • 346
АҚШ-та электронды темекіден 15 адам көз жұмды kp.ru

АҚШ-та электронды темекі тартып, қаза тапқандардың саны 15-ке жетті.

Небраска штатының 65 жастағы тұрғыны да вейпингтен көз жұмды. Бұл тұрғын мамыр айында бақилық болған. Дегенмен ажалының себебі енді анықталды. Бүгінде Құрама Штаттарда электронды темекі шегіп, демалу жүйесінің қабынуына 800-ден астам адам шағымданған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың диагнозы ұқсас келеді. Сырқаттың белгісі өкпе қабынуына ұқсайды: жөтел, демалу жолының тарылуы, кеуденің ауруы жиі сезіледі.

Хабар 24 телеарнасы