389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте бетперде киюге тыйым салынды

  • 169
  • UPD: 14:46, 04.10.2019
Гонконгте бетперде киюге тыйым салынды

Гонконгте бетперде киюге тыйым салынбақ.

Жаңа заң жүйесі бүгін түнде күшіне енеді. Билік өкілдерінің айтуынша, ереуілшілер бетперде кию арқылы аты-жөндерін жасырып қалуға тырысады. Сондай-ақ көз жасаурататын газдан осылай қорғанса керек. Ал мамандар бұл заң жүйесі онсыз да наразы халықтың тағы да шамына тиеді деп отыр. Ал кейбірі заң алдында жауапқа тартылам ба деп алаңдаулы. South China Morning Post басылымының ақпарына сәйкес, бұл заңды бұзғандар 3200 доллар көлемінде айыппұл төлейді. Осылайша, билік өкілдері төрт айға созылған ереуілдерді барынша тарқатуға тырысып бағуда.

Хабар 24 телеарнасы