389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы оппозиция топтары бір тудың астына бірігеді

  • 142
  • UPD: 14:07, 05.10.2019

Сирияда билікке қарсы оппозицияның бірнеше жасағы бірігіп, бір әскер құратын болды. Бұл туралы өздерін уақытша үкімет деп атайтын оппозиция басшысы Абдурахман Мустафа мәлімдеді.

Жаңа әскердің құрамына бұған дейін Түркияның «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциясы жүргізілген аудандарда әрекет еткен жасақтар кіреді. Мақсат Сирия жерін азат етіп, оның бөлінуіне жол бермеу. Бірақ оппозицияның Сирияны кімнен азат етпегі белгісіз. Айта кетейік, Сирия оппозициясының уақытша үкіметі 2013 жылдың наурыз айында құрылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы