389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея қазақстандықпен болған оқиғадан кейін елден шығуды қиындатпақ

  • 264
  • UPD: 16:03, 06.10.2019
Корея қазақстандықпен болған оқиғадан кейін елден шығуды қиындатпақ

Оңтүстік Корея қазақстандықпен болған жол-көлік оқиғасынан кейін заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерге елден шығу ережесін қатаңдатады.

Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі заңсыз жүрген шетелдіктер 3-15 жұмыс күні аралығында жақын жердегі иммиграциялық орталыққа немесе шетелдіктердің орталығына (вегук орталығы) елден шығатыны туралы хабарлауы тиіс екенін хабарлады. Бұл туралы The Korea Times жазды.

Басылым мәліметінше, шетелдіктер кетер алдында қылмыстық істерге байланысты тексеруден өтеді. Өтініш үлгісі елдің бас көші-қон басқармасының сайтында қолжетімді болады. Сондай-ақ паспорт, билетті көрсету керек. Бұған дейін заңсыз тұрып жатқан шетелдіктер Оңтүстік Кореядан билікке хабарламай қайта алатын. Қазіргі жүйе 21 қазанда күшін жояды, ал өз еркіңмен кету үшін өтініш 14 қазаннан бастап қабылданады.

The Korea Times мәліметінше, күшейтілген ережелер жолда баланы қағып кеткен және келесі күні елден кетіп қалған қазақстандықтың оқиғасынан кейін күшіне енгелі отыр. Бұған дейін корей БАҚ өкілдері 20 жастағы қазақстандық 7 жасар баланы қағып кетіп, елден қашып кеткенін хабарлаған болатын. Ал апат кесірінен көптеген жерінен жараланған балаға операция жасалды.

tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы