389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте қой шаруашылығы қарқынды дамып келеді

  • 145
  • UPD: 10:47, 09.10.2019

Беларусьте мемлекет бюджетінің жартысы ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті бұл саланы субсидияландыру жыл сайын артуда. Нәтижесі де жоқ емес. Мысалы, соңғы жылдары Беларусьте қой шаруашылығы жақсы дамып келеді. Жергілікті билік бұл бастаманы қолдап, оған ел қазынасынан жеткілікті қаражат бөліп отыр.

Беларусьте жыл сайын ауылшаруашылығы саласына ерекше қолдау көрсетіліп келді. Мысалы 2018 жылы мемлекет бюджетінің 30%-і осы саланы дамытуға жұмсалды. Ал, 2019 жылы бұл көрсеткіш 50%-ке дейін өскен. Алайда бұдан былай ауыл шаруашылығына жұмсалатын қаражат қысқарады деген болжам бар. Оған елдің Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына өтуі себеп. Ендігі мәселе – ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияларды сақтап қалу. Депутаттар бұл жағдайда ел билігі Қазақстанның тәжірибесіне сүйенгені дұрыс екенін айтады.

Олег Гайдукевич, Беларусьтегі Либерал-демократиялық партияның төрағасы:

- Жақын арада Беларусь Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы келіссөздерді аяқтауы керек. Ұйымға мүше болу үшін белгілі бір талаптар қойылған. Оның бірі елдің ауыл шаруашылығына көрсетілетін қолдауды шектеу керек. Бұл салада бәсекеге қабілетті болу үшін субсидияларды сақтап қалған дұрыс. Әрине, бізді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер қолдау көрсетіп жатыр.

Қазір елде қой өсіру шаруашылығы қарқынды дамып келеді. 80-жылдардан бері қой терісі мен жүні жеңіл өнеркәсіп үшін қолжетімсіз болып қалған еді. Қазір Беларусьтегі Брестск облысында асыл тұқымды мал өсіретін бір ғана ірі шаруа қожалығы бар. Алайда жекеменшік шару қожалықтары дар көп. Субсидиялардың арқасында жүн өндірісінің 70%-ін осы жекеменшік жаруалар өндіріп жатыр.

Ирина Новикова, экономика ғылымдарының докторы:

- Мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету керек. Құрама азықты Украинадан немесе Қазақстаннан аламыз. Комбикорм үшін арнайы несие бөлінеді. Ал, несиенің бір бөлігін үкіметтің өзі төлейді.

Мемлекеттен бөлінетін қаражаттың бір бөлігі ауыл шаруашылығына арналған жаңа кешендердің салынуы мен технакалаға арналған жанармай үшін жұмсалады.

Саланың осал тұсы егін шаруашылығы болып отыр. Өйткені егін өнімі ауа райына тәуелді болғандықтан кейде шаруалар шығынға батып жатады. Жергілікті билік бұл мәселе де жылдың соңына дейін шешімін табады деген үмітте.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы