389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ үй Трампқа қарсы импичмент жариялау процесіне қатысудан бас тартты

  • 124
  • UPD: 15:16, 09.10.2019
Ақ үй Трампқа қарсы импичмент жариялау процесіне қатысудан бас тартты

Ақ үй Дональд Трампқа қарсы импичмент жариялау процесіне қатысудан бас тартады.

Бұл туралы АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм мәлімдеді. Оның айтуынша, осыған байланысты мемлекет басшысының адвокаты өкілдер палатасының спикері мен бірқатар комитет басшыларына хат жолдаған. Онда «демократтардың Трампқа қарсы тергеу жұмыстарына ешқандай конституциялық негіз жоқ» делінген.

Сонымен қатар хатта Ақ үй бұл іске қатысудан бас тартатыны да жазылыпты.

Айта кетсек, Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесем деп Дональд Трамптың басы дауға қалған еді. Осыдан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа импичмент жариялау процесін бастады.

Хабар 24 телеарнасы