387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшадағы парламенттік сайлауда басқарушы партия алда келеді

  • 114
  • UPD: 13:48, 14.10.2019

Польшадағы парламенттік сайлауда Ярослав Качиньскийдің басқарушы партиясы суырылып алға шықты.

Экзит пол нәтижесі бойынша ол сайлаушылардың 43,6 процент дауысын жинаған. Одан кейін 27,4 процент дауыспен «Азаматтық коалиция» партиясы келеді. Бұдан бөлек Сеймге «Демократиялық солшыл күштер одағы», Польшаның шаруалар партиясы мен ұлтшылдар бірлестігі  өтті. Енді экзитпол қорытындысы расталған жағдайда Качиньскийдің партиясы парламенттегі көпшілік орынға ие болады.

Айта кетейік, Польшадағы парламенттік сайлау жексенбіде өтті. Ел азаматтары төменгі палатаның 460 депутаты мен жоғарғы палатының 100 сенаторын таңдады.

Хабар 24 телеарнасы