386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Canada әуекомпаниясы Boeing 737 MAX рейстерінің тоқтатылуын ақпанға дейін ұзартты

  • 173
  • UPD: 10:10, 17.10.2019
Air Canada әуекомпаниясы Boeing 737 MAX рейстерінің тоқтатылуын ақпанға дейін ұзартты BBC

Канадалық Air Canada әуекомпаниясы Boeing 737 MAX ұшағы әуеқатынастарының тоқтатылуын 2020 жылдың 14 ақпанына дейін ұзартты, деп хабарлады CBC.

Бұған дейін Air Canada  Boeing 737 MAX ұшағының тоқтатылуын 2020 жылдың 8 қаңтарына дейін ұзартқаны туралы хабарланған болатын. Компанияда осындай 24 ұшақ бар.

Наурыз айында Канада және басқа да елдер Эфиопияда дәл осындац модельді ұшақтың апатқа ұшырағаннан кейін Boeing 737 MAX ұшағына ел ішінде уақытша тыйым салды.

Айта кетсек, 10 наурыз күні таңертең Эфиопия әуе компаниясына қарасты Boeing 737 MAX 8 ұшағы Эфиопияның Дебре-Заит қаласының маңында апатқа ұшыралды. Ұшақта болған 35 елдің өкілдері қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы