376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Красноярск өлкесіндегі қайғылы оқиға құрбандарының саны артты

  • 238
  • UPD: 22:50, 22.10.2019
Красноярск өлкесіндегі қайғылы оқиға құрбандарының саны артты

Ресейдің Красноярск өлкесіндегі қайғылы оқиға құрбандарының саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша бұған дейін жоғалып кеткен 2 адамның жансыз денесі табылған. Осылайша, 17 адамның қазасы расталып отыр.

Айта кеткен жөн, 19 қазанға қараған түні Сейба өзенінде алтын өндіретін кәсіпорында бөгет жарылған болатын. Салдарынан сол кәсіпорын қызметкерлерінің жатақханаларын су шайып кеткен. Кейіннен бөгеттің заңсыз салынғаны белгілі болды. Жоғалғандар санатындағы тағы 3 адам әлі табылған жоқ. Қазір оқиға орнындағы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы