409,98 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сириядағы босқындарды әскери ұрыс жүріп жатқан жерлерге көшірді

  • 596
  • UPD: 11:26, 26.10.2019
Түркия Сириядағы босқындарды әскери ұрыс жүріп жатқан жерлерге көшірді

Түркия босқындарды Сириядағы әскери іс-қимылдар жүріп жатқан аудандарға күштеп көшіруде.

Бірақ билік өкілдерінің айтуынша,  Сирияға оралып жатқандардың бәрі өз еркімен кетіп жатқандар. Бұл туралы британияның «Гардиан» газеті халықаралық үкіметтік емес ұйымның баяндамасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Аталған ұйымның мамандары түрік-сирия шекарасы арқылы көптеген азаматтарды автобуспен депортациялау деректерін анықтаған. Бірақ нақты қанша босқынның жер аударылғаны белгісіз. Бейресми мәліметтер бойынша соңғы айларда бірнеше жүз адам көшіріліпті. Ал түрік үкіметі бүгінге дейін 320 мың сириялықтың өз отанына оралғанын растап отыр.

Хабар 24 телеарнасы