412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте есірткі саудасымен айналысқан жасөспірімдер амнистиямен босатыла бастады

  • 536
  • UPD: 22:05, 27.10.2019

Беларусь елінде есірткі саудасымен айналысқан жасөспірімдер амнистиямен босатыла бастады. Бұған дейін жергілікті билік бұл қылмыс түріне ешқандай кешірім болмайтынын мәлімдеген еді. Дегенмен, аяғын шалыс басқандарға тағы бір мүмкіндік берді. Бұл жаңалық елдің көңілінен шықты деуге тағы келмейді? Неге? 

Беларусь елінде есірткіге қарсы күрес тиімді жүзеге асып келеді. 2013 жылдары ол өте нәтижелі болды. Дәл сол кезде Беларусь полициясы есірткі таратумен айналысатындарға соғыс жариялаған еді. Сөйтіп, бірнеше жыл ішінде есірткі сатқан жүздеген дүкен жабылды. Бұған қоса оны таратумен айналысып келген есірткі барондары да ұсталды. 

Аталған кеселді ауыздықтау мақсатында олар қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейтін заң да қабылдады. Заңға сәйкес, 14 жасқа толғандар да жауапқа тартылды. Ал жазаны өтеу мерзімін 20 жылға жеткізіп, амнистиямен босатылу алынып тасталды. Осылайша оңай ақшаға құныққан кешегі оқушылар бір күнде абақтыдан бір шықты. Осы кезде қоғам екіге бөлініп, балаларды темір торға қамау тым қатаң жаза десе, енді бірі мұндай жаза түрін қолдайтындарын жеткізді. Ал әйелдер қауымы соңғы жылдары аталған жазаны жеңілдетілу мақсатында күресіп келеді. 

Алла Берналь, қоғам белсендісі:

- Егер ел аумағына қандай да бір жолмен есірткі әкелінген болса, ары қарай оның айналымына тосқауыл қою мүмкін емес екенін бәрі де біледі. Сондықтан күресудің өзге жолын таңдау қажет. Оларды қамауға алғаннан не пайда? Бәрін ұстағанымен есірткі көлемі азаймайды. Керісінше тұтынушылар қатары артып барады. Бұрын 150 дүкен жұмыс істесе, бір жылдан кейін олардың саны 350-ге жетті. Мұны есірткімен күрес деуге келе ме? 

Бүгінде осы сала бойынша интернет арқылы жұмыс табу қиын шаруа емес. Онлайн дүкендер не сататынын жасырмақ түгілі, бизнесті жүргізу жолдарын еш қорықпастан жариялап қойған. Тіпті дилерлер тізімі де беріледі. Бірақ соған қарамастан Беларусь билігі кезінде аяғын шалыс басқандарға екінші мүмкіндік беруді жөн көріп отыр. Нақтырақ айтқанда, нашақорлық бабымен жазасын өтеп жатқан 83 жасөспірім амнистиямен босатылмақ. Олардың мерзімі 2 жылға дейін қысқартылады. Тағы 1500-дей адамның жазасы жеңілдетіледі. Заңгерлердің пікірінше, мұндай қадам қамауда отырғандар мен әлі де осы бизнестің төңірегінде жүргендер үшін үлкен сабақ болуы керек. 

Людмила Романова, заңгер:

- Не істегендерін өздері де түсінбейтін жасөспірімдер бар. Оларды мұндай қадамға итермелеген оңай олжа. Ал мұндай жағдайға енді тап болмас үшін олардың кейбіріне соттың өзі жеткілікті.  

Мемлекеттің нашақорлық мәселесін жіті бақылауға алуы бекерден емес. Себебі соңғы деректер бойынша Беларусьте 90 мыңға жуық адам инеге тәуелді. Бұл елдегі орташа қаланың халқымен тең көрсеткіш. Осыған байланысты 2019 жылдың соңына дейін Минскте мамандырылған оңалту орталықтары ашылмақ. Осылайша есірткіге әуестенгендерге жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріледі. 

Авторлары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы