384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Челябинскіде қазақ тілі курстары жоғары сұранысқа ие

  • 304
  • UPD: 11:27, 29.10.2019

Челябі облысында қазақ тілін үйрету курстары сұранысқа ие. Бүгінде өңірде 35 мыңдай қазақ диаспорасының өкілі тұрады.

Дені ана тілін меңгеруге құлшыныс білдірген. Қостанайдағы бір айлық оқытушы курсынан өткен Үміт Байдәулетова оқушыларды қазақ тіліне үйден тегін оқытып жүр. Ал демалыс күндері студенттер, жұмысшы жастар мен зейнеткерлерге сабақ береді. Қажетті әдебиеттер мен әдістемелік құралдарды оған Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасы жеткізіп тұрады. Биыл Үміт Байдәулетова тілді меңгерушілердің кезекті тобын жасақтамақ. 

Үміт Байдәулетова, Челябі қаласының тұрғыны:

- Мен үйден көп адам алмаймын. Қазір біздің топта 26 кісі. Мына құрбан айтта, ораза айтта жүргенде орыс тілінде емес, біз өз тілімізде сөйлесеміз. Ұмытылмасын деп. Біздің дәстүріміз, тарихымыз өте жақсы. Ауылға барсаң ырымын, дәстүрін ұстап отыр халық.  

Бақыткүл Сүлейменова, тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:  

- Челябі облысындағы мәдениет министрлігімен, білім министрлігімен, сондай-ақ Достық үйімен біз тығыз жұмыс жасаймыз. Тығыз жұмысымыздың арқасында Челябі облысының 5 ауданында факультатив ретінде қазақ тілін оқыту үйірмелері ашылды. Үйірмеде сабақ беріп жүрген ұлты қазақ мұғалімдеріне ақы төлене бастады.

Хабар 24 телеарнасы