388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-қа консервіленген шабдалы экспорттаушы ел шығынға батты

  • 165
  • UPD: 14:32, 29.10.2019
АҚШ-қа консервіленген шабдалы экспорттаушы ел шығынға батты Food Network

Грекия АҚШ-тың салған жаңа баж салығының зардабын тартуда. Мәселен, әлемде ең ірі консервіленген шабдалыны экспорттаушы ел шығынға бата бастады.

Грекия жылына 250 мың тонна өнім өндіріп, оның бестен бір бөлігін АҚШ-қа саудалайтын. Енді Құрама Штаттарға экспортталатын шабдалыға 46 проценттік салық салынды. Бұған Airbus әуе компаниясының төңірегіндегі кикілжің себеп. Жергілікті өндірушілердің айтуынша, қазірдің өзінде 50 млн доллар кірістен қағылды. Бұл онсыз да экономикалық жағдайы мүшкіл елге ауыр соққы болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы