378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран билігі ядролық бағдарлама аясында өзіне алған міндеттемелерін орындаудан бас тартпақ

  • 283
  • UPD: 08:49, 30.10.2019

Бұған Тегеранның Еуроодақ басшылығына наразылығы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақытқа дейін ресми Брюссель бұл елге түзу ниетпен қарап келген. Тіпті жазда Франция, Германия және Ұлыбритания Иранмен долларсыз сауда жүргізудің механизмін іске қосқан еді. Алайда Сауд Арабиясының мұнай өңдеу зауыттарына дрондармен жасалған шабуылдан кейін жағдай өзгерді. Еуроодақ осы қастандықта Иранды айыптаған АҚШ-ты ашық қолдады.

Бұл тартыс өткен жылдан бері жалғасып келеді. Вашингтон  Тегеранға ядролық бағдарламасы бойынша келісім шарттарын бұзды деген айып тағып, бұл елге қарсы қайта санкциялар салған болатын. Қатысушы өзге тараптар АҚШ бастамасын қолдаған жоқ. Дегенмен ресми Тегеран еуропалық елдерден бұл мәселе бойынша нақты іс-қимыл қабылдауды талап етіп отыр. Иран билігі Еуропаның бұл мәселеге бейтарап қарауына наразы.

Мехран Наваи, саяси шолушы:

– Бұл неге байланысты екенін білмеймін, бірақ АҚШ келісімнен шыққаннан кейін, Еуроодақ та өз міндеттемелерін орындамай жүр. Алайда Ираннан тегеурінді қимыл талап етеді. Еуропа мен АҚШ арасындағы күрделі қатынастарда біздің елді саудаға салынғанына көнбейміз.

Иран сыртқы істер министрлігі ядролық бағдарламасы бойынша шиеленісті шешуге бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын мәлімдеді. Алайда Тегеранға қолдан келетін талаптар қойылу керектігін ескертеді.

Мехди Бозорг, саясаттанушы:

– АҚШ келісімнен шыққаннан бір жыл өткенде, Тегеран шарттың 26-параграфы бойынша келісімнің кейбір баптарын орындауды доғаратынын мәлімдеп, елдегі аз байытылған уран қоры 300 келіден асып кетті. Кейін Иран міндеттемелерін қысқартудың екінші кезеңін жариялап, 4,5% асатын деңгейге уранды байытуды кіріскен. Тағы екі айдан кейін үшінші кезең басталды. Бұған жауап ретінде Иранды Сауд Арабиясының мұнай компанияларына жасалған шабуылда айыптаған.

Иранның ядролық келісім бойынша міндеттемелерінен бас тартудың үшінші кезеңі сарапшылардың алаңдаушылығын туғызған. Себебі бұл қадамы барысында жаңа центрифугалар орната бастады. Ал қараша айында Иран төртінші кезеңге көшуді көздеп отыр. Ол қандай шараларды қамтитыны туралы Тегеран әзірше тіс жармайды. Жалпы кейбір мәліметтер бойынша жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспары қабылданғаннан кейін Иран елге шамамен 400 тонна уран жеткізген.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Махмуд Махмуди.

Хабар 24 телеарнасы