431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грета Тунберг экологиялық марапаттан бас тартты

  • 978
  • UPD: 10:58, 30.10.2019
Грета Тунберг экологиялық марапаттан бас тартты firstpost.com

Экология мәселелерін қозғап жүрген швециялық белсенді қыз Грета Тунберг Солтүстік кеңестің экологиялық марапатынан, сондай-ақ 52 мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйақыдан бас тартты.

Экологиялық марапаттан бас тартқан Грета Тунберг өзінің шешімін «климаттың өзгеруіне қарсы күресте сөзден іс-әрекетке көшудің уақыты келді» деп түсіндірді, деп жазды korrespondent.net.

«Климаттық қозғалыс бұдан былай сыйақыны қажет етпейді», – деп жазды ол өзінің  Instagram парақшасында.

Сонымен бірге Тунберг экологиялық сыйлық беру ол үшін үлкен құрмет екенін айта келе, Солтүстік Кеңеске осы марапат үшін алғыс білдіргісі келетінін жеткізді.

Солтүстік кеңестің экологиялық марапаты жыл сайын «қоршаған ортаны құрметтеу қағидаттарын іске асыруға немесе табиғатты қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кез-келген бастамаларға қосқан үлесі үшін» Скандинавия елдерінен келген компанияға, ұйымға немесе жеке адамға беріледі.

Кандидаттар мен жеңімпаздарды анықтайтын комитет құрамына Норвегия, Финляндия, Швеция, Исландия, Фарер және Аланд аралдарынан, Гренландия мен Дания елдерінен 13 адам кіреді.

БҰҰ Бас ассамблеясы аясында өткен климат жөніндегі саммитте шведтік 16 жастағы экобелсенді Грэта Тунберг мемлекет басшылары мен саясаткерлерді жерден алып, жерге салған болатын.

Сондай-ақ ол қазан айының басында АҚШ-та экологиялық шеруге қатысты.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы