384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар Ресейдегі интернет казинолардың айналымын 3 млрд долларға бағалап отыр

  • 160
  • UPD: 11:36, 31.10.2019

Ресейде рұқсат етілген арнайы аймақтан тыс жерлерде құмар ойын ұйымдастырып өткізгендер қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал тәртіпке бағынбағандар бір жарым миллион рубльге дейін айыппұл төлеп немесе алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ғаламтордағы онлайн құмар ойындарға 2006 жылдан бері тыйым салынған. Сондай-ақ өткен жылы букмекерлік ұйымдарға ақша аударуға шектеу қоятын норма қабылданды. Алайда осы қатал шараларға қарамастан, көптеген ойын алаңы өз жұмысын жалғастырып келеді. Сарапшылар Ресейдегі интернет казинолардың айналымын 3 миллиард долларға бағалап отыр.

Никита Куликов, РФ мемлекеттік думаның цифрлық экономика жөнінде сарапшысы:

– Барлық онлайн-казино құмар ойындарға тыйым салынбаған оффшорлық аймақтарда тіркелген. Сондай-ақ бұл компаниялар тіркелген елдердің заңдары бойынша жұмыс істейді. Алайда интернет шекарасыз болғандықтан, қызметін бүкіл әлемге таратады. Мәселен, азамат ғаламтордағы әмиянына ақша салды дейік. Бұл қимылы заң бұзбайтындықтан, бүкіл сервистер оған тыйым салмайды. Онлайн-казинода ойнауға болмайды деген де заң жоқ. Заңды казино бұзатындықтан, осы үшін оны шектейді. Осыдан кейін олар тап осындай қызметін өзге сайтта ашып, жағдай қайталана береді.

Хабар 24 телеарнасы