388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда темекі өнімдері қымбаттады

  • 132
  • UPD: 16:47, 03.11.2019

Францияда темекі өнімдері шамамен 5 процентке қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы айдан бастап елде шылым қорабы орта есеппен 9 еуро, яғни 4 мың теңге тұратын болды. Ал бір жылдан кейін оның құнын 10 еуроға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл – француз денсаулық сақтау министрлігінің реформалары аясында жүзеге асырылып отырған шара. Басты мақсат – шылымқорлар санын азайту. Оған қоса елде темекі акциздерінің салығы әлеуметтік қорғау жүйесін қаржыландыруға жұмсалады. Сонда 12 миллиард еуро жылдық бюджетке бағалар көтерілген сайын 500 миллион еуродан қосылып отырмақ. Негізі денсаулық сақтау министрлігінің реформасы екі жыл бұрын басталған. Сол уақыттан бері шылымқор француздардың саны 2 миллион адамға қысқарған.

Кристоф Биллу, темекі сататын дүкеннің иесі:

– Сатылатын өнім көлемі азайды. Бірақ бағалар өсіп жатыр. Сондықтан айналым сол бұрынғы деңгейде қалып отыр. Бүгінде қоғамдық орындарда шылым шегуге болмайды. Сөйтіп тұтыну мөлшері азайды. Сондай-ақ темекі шегу әдетінің өзі де өзгерген сыңайлы. Тұрғындар енді арнайы орын іздеп тауып, темекіні соңына дейін шегеді. Меніңше, бұл да денсаулыққа зиян.

Хабар 24 телеарнасы