388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта қарулы шабуылдан 15 адам қаза тапты

  • 121
Таиландта қарулы шабуылдан 15 адам қаза тапты Trend

Таиландтың оңтүстігіндегі Яла провинциясында бақылау-өткізу бекетінде болған қарулы шабуылдың салдарынан кем дегенде 15 адам мерт болды.

Бұл туралы сәрсенбі күні Reuters агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Агенттіктің дерегі бойынша, тағы төрт адам жарақат алған. Шабуыл жасаушылар оқ атқаннан кейін жарылғыш затты қолданып, артынан қуғандарды бөгеу үшін жолға шегелер тастаған. Құқық қорғау органдары шабуылды жергілікті сепаратистер жасады деп болжап отыр. Қауіпсіздік күшінің өкілдері мұны соңғы уақытта болған оқиғалардың арасындағы ең ауқымдысы деп атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы