399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТГИЛ ұйымының экс-басшысының әйелі қолға түсті

  • 430
  • UPD: 14:41, 07.11.2019
ТГИЛ ұйымының экс-басшысының әйелі қолға түсті

Түркияның қауіпсіздік күштері Сирияда «Ирак және Левант лаңкестік ұйымның» бұрынғы жетекшісі Әбу Бакр әл-Багдадидің әйелін ұстады.

Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Түркия басшысы әскерилердің бұған дейін әл-Багдадидің апайы мен оның күйеуін де қолға түсіргенін атап өтті. Еске сала кетейік, қазанның 27-сі күні президент Дональд Трамп американдық сарбаздар Сирияда арнайы операция жүргізіп, лаңкестердің басшысы әл-Багдадидің көзі жойылғанын жариялаған. Ол әскерилердің қолына түспей өзін-өзі жарып жіберген еді.

Хабар 24 телеарнасы