412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда Берлин қабырғасының құлағанына 30 жыл толуы аталып өтілді

  • 608
  • UPD: 20:46, 09.11.2019
Германияда Берлин қабырғасының құлағанына 30 жыл толуы аталып өтілді

Германияда бүгін әйгілі Берлин қабырғасының құлағанына 30 жыл толуы аталып өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

1989 жылы 9 қараша күні шаһардың шығыс және батыс бөлігінің тұрғындары алғаш рет шекараны емін-еркін кесіп өткен болатын.

Осылайша, 28 жыл 2 ай 28 күн бойы Шығыс пен Батысты бөліп тұрған дуал жойылды. Алдымен бақылау бекеттері ашылып, содан кейін 1 айдың ішінде қабырғаның көп бөлігі бұзылды. 1990 жылы 3 қазан күні қос Германия ресми түрде бірікті. Ал ресми дерекке сүйенсек, Берлин қабырғасы 1961 жылы тұрғызылғанға дейін Шығыс Германиядан батысқа қарай 3,5 миллион адам қашып өткен екен. Олардың басым бөлігі 25 жасқа дейінгі жастар болған.

Хабар 24 телеарнасы