384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда мерзімнен тыс парламенттік сайлау өтуде

  • 225
  • UPD: 19:39, 10.11.2019
Испанияда мерзімнен тыс парламенттік сайлау өтуде

Испанияда мерзімнен тыс парламенттік сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяси шара биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған «Социалистік жұмысшы партиясының» өзге тұрақты үкімет құрылымдай алмауы себеп. Салдарынан саяси дағдарыс орнап, парламент таратылған. Бірақ сарапшылар бүгінгі сайлауда да ешбір партия басым дауысқа ие бола алмауы мүмкін деп отыр. Жалпы испандықтар бүгін конгрестің 350 депутаты мен 208 сенаторын сайлайды. Содан кейін Парламентте басым дауысқа ие болған партия үкіметті жасақтайды. Елде 37 миллион азаматтың дауыс беру құқығы бар. 59 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы