376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда вакцина өндірісі дамып келеді

  • 252
  • UPD: 11:50, 13.11.2019

Ирандық дәрігерлер инфекциялық ауруларға қарсы вакцина өндіруге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет зерттеу жұмыстары үшін жүз миллион доллардай қаражат бөлген.

Препарат жергілікті дәріханаларға 2020 жылдың соңына қарай шығарылмақ. Айта кетейік, Иран үшін аурудың алдын алу шаралары өзекті болып тұр. Өйткені соңғы уақытта халықтың денсаулығы жиі сыр бере бастаған.

Осыдан шамамен 100 жыл бұрын Иранда алғаш рет шешекке қарсы екпе салынды. Бүгінде елдің бұл саласы әлем бойынша үздік ондықтың қатарында. Себебі Иранда жұқпалы дертке қарсы вакцинаның барлық түрі өндіріледі. Жергілікті сараптама орталықтарының ақпарына сай Тегерандық тауар барлық стандартқа сай. Дегенмен, өткен жылы Иранның шет елдік өндірушілерге жүгінгенін айта кетейік. Өйткені, кейбір ақпарат көздері таратқандай жергілікті тауарларлар тиісті нәтиже бермегенге ұқсайды.

Пуян Назерян, дәрігер-терапевт:

– Иран 98 процентке отандық вакцинамен қамтылған. Олардың басым бөлігі Парсы шығанағы елдеріне экспортқа шығарылады. Дегенмен, соңғы кездері Франция мен Нидерландттан дәрі-дәрмек алуға қажеттілік туындады. Көбінесе тұмау мен сары аурудың дәрілерін сырттан әкеліп жатырмыз. 

Соңғы уақытта Иранда иммунитеті әлсіреп, тұмауға жиі шалдығатындардың саны күрт артып кеткен. Жыл сайын халықтың кем дегенде 15 проценті бұл дертпен ауырып шығады. Өткен маусымда тұмау вирусынан 60 адам көз жұмған. Олардың басым бөлігі егде жастағылар. Бұл оқиғадан кейін жергілікті билік қайғылы статистиканы екпе салу арқылы алдын-алуға кірісті. Вакцинациялау еркін негізде жүзеге асады. Бірақ, ақылы. Себебі шет елдік препараттар қолданылады.

Реза Эбрахимпур, дәрігер-терапевт:

– Өткен жылы Иранда 38 мың адам қайтыс болды. Оның 12 проценті инфекциялық аурулардан көз жұмған. Сондай-ақ, бұл 12 проценттің ішіне сары ауру, Спид-қа шалдыққандар да кіреді. Яғни, жұқпалы дертке қарсы вакцина алғандардың арасында өлім-жітім жоқ деген сөз. Мәселен, екпенің арқасында полиомиелит дерті 20 жылдан бері Иранда тіркелген жоқ.

Вакцина саласы бойынша Иран бүгінде пневмококтік және ротовирустық инфекцияға қарсы күресті бастап кеткен. Препаратты ойлап табуға парламент 100 миллион доллар қаражат бөлді. Егер нәтиже болса, бұл дәрі-дәрмек көптеген сәбидің өмірін аман алып қалмақ.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша и Махмуд Махмуди.

Хабар 24 телеарнасы