384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газа аумағында қарулы қақтығыстар жүріп жатыр

  • 170
  • UPD: 14:08, 13.11.2019

Израиль «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы операция жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған содырлардың ел аумағын зымырандармен атқылауы себеп. Израиль әскері жауап ретінде арнайы операция бастап, лаңкестердің нысандарына соққы беріп жатыр

Барлығы Израиль әскерінің екі соққысынан кейін басталды. «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» командирі Абу әл-Атаның көзі жойылды. Бұдан бөлек әскерилер Дамаск шетіндегі ауданды бомбалап, содырлардың тағы бір жоғары шенді жетекшісін өлтірді. Лаңкестер жауап ретінде бірден Изариль аумағын атқылауға кірісті. Тель-Авивке қарай ұшырылған бірнеше зымыран атып түсірілді.

Ави Барсесат, Сдерот қаласының тұрғыны:

– Бомба жарылғанда мен 150 метрдей жерде болдым. Айналаның барлығы өртке оранды. Осы кезде зауытта жұмысшылар болмай ешкім жапа шеккен жоқ.

Лаңкесердің атқан бірнеше зымыраны тұрғын үйлердің жанына түсті. Бұдан кейін, Израиль әскері кері соққы жасады. 

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Біздің елдің аумағын шабуылдаған лаңкестердің бірде-біреуі жазасыз кетпейді. Олар қайда тығылмасын, тауып аламыз. Кейін қатаң жазаланатын болады. 

Ал «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» кек алатындарын ескертті. Израиль әскері болса Газадағы операцияны жалғастырып, қарулы топтарға соққы беріп жатыр.

Авторы: Сергей Ауслендер.

Хабар 24 телеарнасы