447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Google есеп айырысу шоттарын құрмақ

  • 343
  • UPD: 12:02, 14.11.2019
Google есеп айырысу шоттарын құрмақ

Google компаниясы жуырда есеп айырысу шоттарын құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған компания оны америкалық Citigroup пен Стэнфорд федералды несие одағымен бірге жүзеге асырмақ. Осылайша, әлемдегі ең танымал іздеу жүйесі енді қаржы саласында да дамуды қолға алған тағы бір технологиялық компания болмақ.

Болжам бойынша Cache деп аталатын бұл жоба келесі жылы іске қосылады. Шоттар Google Pay жүйесі арқылы басқарылады. Ал серіктес банктер қаржы операциялары мен шоттарды бақылауға жауапты болады.

Айта кетейік, соңғы уақытта әлемнің ірі ІТ компаниялары қаржы өнімдерін шығаруға көше бастады. Мәселен, Apple компаниясы жазда өз несие картасын шығарды. Қазіргі таңда Amazon да өзінің есеп айырысу шоттарын іске қосу бойынша банктермен келіссөздер жүргізіп келеді. Ал Facebook сандық валюта құру ісімен айналысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы