384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда студенттік жатақхана отқа оранды (видео)

  • 210
  • UPD: 17:30, 17.11.2019
Ұлыбританияда студенттік жатақхана отқа оранды (видео)

Ұлыбританияның Болтон университеті жатақханасында алапат өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғаға байланысты бір топ студент дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Ал тілсіз жаумен күресуге 200-ге жуық өрт сөндіруші мен 20 техника тартылыпты. Сонымен қатар, екі тікұшақ жұмылдырылған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпар жоқ. Өртке не себеп болғаны да белгісіз. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы