378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда жағалау күзеті 79 заңсыз мигрантты құтқарды

  • 333
  • UPD: 11:51, 22.11.2019
Испанияда жағалау күзеті 79 заңсыз мигрантты құтқарды

Испанияның жағалау күзеті Канар аралдары маңында 79 заңсыз мигрантты құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында балалар мен әйелдер де бар. Мәлім болғандай, олар 6 күн бойы теңізде қалқып жүрген. Қазір босқындардың барлығы Аргенегин портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Айта кетейік, Канар аралдары Солтүстік Африка елдерінен ағылған босқындар легінің теңіз арқылы Еуропаға жететін негізгі транзиттік жол саналады. Соған қарамастан, Испанияға заңсыз өтпек болған мигранттар саны азайып келеді. Мәселен, былтыр ел аумағына 53 мыңнан астам мигрант кірсе, биыл оның саны шамамен 2 есеге қысқарған.

Хабар 24 телеарнасы