448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак полицейлері шерушілерге тағы да оқ атты

  • 233
  • UPD: 19:37, 23.11.2019
Ирак полицейлері шерушілерге тағы да оқ атты

Ирак астанасы Бағдадта билікке қарсы кезекті наразылық шеруі өтіп, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 шеруші жарақат алды. Бірнеше жедел жәрдем қызметкері қамауға алынған. Тәртіп сақшылары әл-Ахрар көпірінің жанында шерушілерге оқ атқан. Естеріңізде болса, Ирактағы толқулар өткен айда басталған. Халық елдегі жемқорлық пен жұмыссыздыққа наразы. Шерулер басталғалы 300-ге жуық адам қаза тапқан. Тағы 15 мыңға жуық тұрғын жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы