424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Норвегия әуе компаниялары биоотынға көшеді

  • 676
  • UPD: 08:36, 24.11.2019
Норвегия әуе компаниялары биоотынға көшеді

Норвегия әуе компаниялары келесі жылдан бастап жасыл отынға көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет осындай шешім қабылдады. Қаңтардың 1-інен елдегі әуе тасымалдаушылар авиациялық керосинге биотын араластыру тиіс. Компаниялар олардың бұған қоры жететінін, бірақ шығын арта түсетінін айтады. Сәйкесінше билет құны да қымбаттамақ. Ал сарапшылардың пайымынша, биотынды қолдану ұшақтардан бөлінетін зиянды қалдықтарды 80 процентке азайтады. Швеция мен Финляндия да алдағы уақытта дәл осындай тәртіп енгізуі мүмкін. Жалпы үш мемлекет 2030 жылға қарай биоотынды қолдану мөлшерін 30 пайызға жеткізбек ниетте.

Хабар 24 телеарнасы