405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ми-8 тікұшағы Ямалаға апатты жағдайда қонды

  • 505
Ми-8 тікұшағы Ямалаға апатты жағдайда қонды

Вахталық жұмыскерлерді тасымалдаған Ми-8 тікұшағы Ямала маңындағы Новый Порт ауылына апатты жағдайда қонды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық бөлімшесі хабарлады.

«Новопортовский мұнай кен орнынан Новый Уренгой қаласына бет алған Ми-8 тікұшағы Новый пост ауылына техникалық ақауларға байланысты апатты жағдайда қонды. Ұшу кезінде әуе кемесінің құйрығындағы ротор істен шыққан», – делінген хабарламада.

Бортта барлығы 22 жолаушы және 3 экипаж мүшесі болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы