411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илон Маск жаңа пикап Cybertruck электромобиліне 150 мыңға жуық тапсырыс келгенін мәлімдеді

  • 455
  • UPD: 20:54, 24.11.2019
Илон Маск жаңа пикап Cybertruck электромобиліне 150 мыңға жуық тапсырыс келгенін мәлімдеді

Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 150 мыңға жуық пикап Cybertruck электромобиліне тапсырыс келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазіргі таңда 146 мың тапсырыс болды, адамдардың 42%-і екі моторлы, 41%-і үш және 17%-і бір моторлы көлікті таңдады. Қандай да бір жарнама және ақылы іс-шаралар жүргізілген жоқ», - деп жазды Маск Twitter желісіндегі парақшасында.

Пикап Cybertruck тұсаукесері 22 қарашада түнде болған. Оның дизайны ғылыми-фантастикалық «Бегущий по лезвию» фильмінің үлгісі бойынша жасалды. Ең арзан cybertrack моделі 39 990 доллар тұрады, ал 500 шақырым жүре алатын көлік 49 990 долларға және үш электромоторы бар 800 шақырымдығы 69 990 доллардан сатылады.

Айта кетейік, Маск автомобилін таныстыру кезінде жаңа жүк көлігінен оқ өтпейтінін айтты. Оның есіктері SpaceX ғарыш зымырандарына қолданылған қорытпадан жасалған. Алайда жаңа Tesla-ның әйнегі металл шарды лақтырған кезде шыдай алмай, шытынап кетті. Бірақ салонға кірмеді.

Хабар 24 телеарнасы