433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тбилисиде тәртіп сақшылары демонстранттарға қарсы су атқыш қолданылды

  • 536
  • UPD: 15:13, 26.11.2019
Тбилисиде тәртіп сақшылары демонстранттарға қарсы су атқыш қолданылды

Тбилисиде тәртіп сақшылары қала орталығына жиналған демонстранттарды тарату үшін су атқыш қолданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде жұрттың амалсыздан тарауына тура келді. Оппозиция басшыларының бірі Георгий Вашадзенің сөзінше, тұрғындарды тарату кезінде бірнеше белсенді мен оппозициялық саясаткер қамауға алыныпты. Жалпы ереуілге шыққан жұрт депутаттарды отырысқа жібермеу үшін парламентке кірер жолды жауып тастамақ болыпты.

Айта кетейік, Грузия елінде 2 апта бойы жалғасып келе жатыр. Наразы халық сайлау жүйесінің реформалануын талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы