378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехиялық мамандар дәрі іздеуге арналған мобильді қосымша ойлап тапты

  • 216
  • UPD: 19:44, 27.11.2019

Чехия дәріханаларында мобильді технологиялар іске қосылмақ. Ол үшін арнайы қосымша ойлап табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді дәрі-дәрмектің қай дәріханада бары, бағасы, құрамы, қарсы көрсетілімі жайлы осы бағдарлама арқылы білуге болады. Авторлардың айтуынша, бұл қосымша дәріханадағы ұзын-сонар кезектерді сап тыйылтады.

Бүгінде кез келген дәріханадан қажетті дәрі-дәрмекті табу қиын. Кейде емделуші қажетті препаратты іздеп, бір күнін жоғалтады. Осындай жағдайдың алдын алу үшін чехиялық мамандар мобильді қосымша ойлап тапты. Жобаны дәрі-дәрмекті бақылау бойынша мемлекеттік институт қолдап отыр. Әзірге парламентте басқарма тиісті заң қабылдау туралы бастамаларды көтеріп жатыр. Негізі елдегі заңға сай науқас дәрігердің рецептінен кейін қажетті дәріні екі күнде алуы керек. Олай болмаған жағдайда дистрибьюторге ауқымды көлемде айыппұл салынады.

Милана Кубалик, ұялы қосымшаның авторы:

Қосымшаны ойлап табуға қарапайым тұрғындардың әңгімесі түрткі болды. Метрода адамдардың дәрі таппай сандалғанын жиі еститінмін. Сондықтан осындай мобильді қосымшаны ойлап шығардық. Қажетті дәрінің қай дәріханада барын біліп, алдын ала төлем жасап қоюыңызға да болады.

Тұрғындар мобильді дәріхананы қолдануы үшін тек қосымшаны телефонға жүктеп алса жеткілікті. Содан кейін іздеу жүйесіне қажетті препараттың атауын енгізесіз. Бағдарлама дәрінің қай дәріханада барын, қанша дана қалғанын, бағасын өзі анықтайды. Науқас сондай-ақ алдын ала төлем жасап, кез келген уақытта қажетті препаратын алып кете алады. Кассада қосымша берген кодты көрсетсеңіз болғаны.

Янка Коварж, дәріхана желісінің қожайыны:

Бұл қосымша қажетті препаратты іздеуге ғана емес, дәріханалардағы кезекті жоюға де септігін тигізбек. Өкінішке орай, елдегі ем-дом ғимараттарында бұл құбылыс жиі кездеседі. Сондықтан жаңа жобаны іске қосу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қосымша шығындар болмайды. Жүйе смартфон арқылы жұмыс істейді.

Әзірге мобильді дәріхана бүкіл елде бірден іске қосылады деу қиын. Дегенмен, бұл саланың өкілдері жаңа бастаманы бірауыздан қолдап отыр. Себебі қосымша дәріханалар үшін де, қолданушылар үшін де қолайлы.

Авторлары: Надежда Дрейгал, Дмитрий Лукша, Вадим Чех

Хабар 24 телеарнасы