432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кишинев көшелерін қоқыс басып қалды

  • 475
  • UPD: 23:27, 29.11.2019
Кишинев көшелерін қоқыс басып қалды

Кишинев қоқыстан көз ашпай тұр. Тіпті қала әкімдігінің маңында да қоқыс үйіліп жатыр.

Бұған дейін осы мәселе бірнеше мәрте көтеріліп, қала мэрі қызметінен қуылған. Бірақ оның орнына келгендер де жарытып іс тындырмады. Соңғы уақытта қала көшелері біршама тазара бастаған еді. Бірақ көпке созылмады. Қоқыс қайта көбейген. Ал халықтық шыдамы таусылды. Депутаттар тақауда қоқыс төгетін жаңа орын ашуға уәде еткен. Бірақ онысы да созбалаңға салынып кетті.

Дмитрий Петру, коммуналдық қызмет маманы:

- Сол ауданда тұратын халық ереуілдер ұйымдастырып, онда қоқыс шығаруға рұқсат бермеген. Амалы қалмағандар Чеканда тастай бастады. Тазарту жабдықтарымыз тозғандықтан, қала шетінде болса да, жаман иісі бүкіл қалаға тарап тұр.

Хабар 24 телеарнасы