375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда орман өртінің ошағы артып барады

  • 199
  • UPD: 12:45, 10.12.2019

Австралияда өршіп тұрған орман өрті салдарынан Сидней жағажайы күлге толды. Өңірге ағылған туристер суға түсе алмай жатыр.

Өйткені судың түсі қап-қара түске боялған. Жергілікті билік орман өртінің залалы артып отырғанын айтады. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтай алмай әлек. Оған күн райының қолайсыздығы себеп. Қызыл жалынды өшіру үшін 1 мың 600 маман жұмылдырылды. Синоптиктер алдағы күндері аймақта ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі деп болжам жасап отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы