Ұлыбританияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтіп жатыр. Корольдік бойынша 40 мыңға жуық дауыс беру бөлімшесі ашылған.
Олар жабылғаннан кейін 1 сағаттан соң экзитпОл нәтижелері жария етілуі тиіс. Парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін 6 партия таласқа түсуде. Алайда сайлау алдындағы сауалнама көрсеткендей, басты фавориттер - консерваторлық және лейбористік партия. Премьер-министр бастаған консерваторлар корольдіктің тезірек Еуроодақ құрамынан шығуын талап етуде. Ал бас қарсыластары - лейбористер Брекзитке қатысты екінші референдум өткізуге ниетті. Айта кеткен жөн, премьер-министр Борис Джонсон Ұлыбританияны Еуроодақ құрамынан 31 қазанға дейін алып шығуға сөз берген. Алайда уәдесін орындай алмай, кезектен тыс сайлау өткізуге үндеді. Енді Премьер- министр парламенттің жаңа шақырылымының қолдауына үміттеніп отыр.