380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау қорытындысына наразы халық Лондонда жаппай ереуілге шықты

  • 191
  • UPD: 14:52, 14.12.2019
Сайлау қорытындысына наразы халық Лондонда жаппай ереуілге шықты

Ұлыбританияда өткен сайлаудың қорытындысына наразы халық Лондонда жаппай ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашуға бой алдырғандар Даунинг-стриттен Трафальгар алаңына қарай бет алып, шаһардың бірнеше көшелерін жауып тастаған. Шараға жиналған жұрт премьер-министр Борис Джонсонның отставкаға кетуін талап етті. Аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция өкілдері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Естеріңізге салайық, таяуда Ұлыбритания парламентінің кезектен тыс сайлауы аяқталып, Премьер-министр Борис Джонсон басқарған консерваторлар партиясы 650 орынның 364-ін иеленіп, жеңіске жетті. Сайлауға халықтың шамамен 67%-і қатысқан екен.

Хабар 24 телеарнасы