424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикада 2 круиз лайнері соқтығысты

  • 503
  • UPD: 14:24, 21.12.2019
Мексикада 2 круиз лайнері соқтығысты

Мексика жағалауына жақын Кәріб теңізінде 2 круиз лайнері соқтығысып, 1 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға қос кеме осы елдің Косумель аралына аялдай бергенде болды. Апатқа осы кезде теңізде тұрған қатты толқындар себеп болуы мүмкін. Қазір төтенше жағдай неден туғаны анықталып жатыр. Ақпарға қарағанда оқиға кезінде бір лайнерде 12 мың, екіншісінде 4 жарым мың жолаушы болған. Ал екі лайнерді иеленуші «Карнивал» компаниясы апаттан кемелер қатты зақымданбағанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы