Австралияда орман өрті ел астанасы Сиднейге жақындады. Осыған байланысты өрт сөндірушілер тұрғындардан қауіпті аймақты тастап көшуге шақырды.
Тілсіз жау мұхит жағалауында тұрған қаланы штаттың қалған бөлігінен оқшаулап тастаған. Өртпен 3 мыңнан астам маман күресуде. Бірақ елдегі 40 градустық аптап ыстық пен жел жалынды сөндіруге мүмкіндік бермей отыр. Ал синоптиктер әлі 2 айдай жауын-шашын болмайтынын айтады.
Еске сала кетейік, Австралияда орман өрті жаз айынан жалғасып келеді. Қазірге дейін 1 миллион гектардан астам алқап жанып, 700-ден астам үй өртеніп кетті.