428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде шегірткенің көбеюінен ашаршылық қаупі төнді

  • 619
  • UPD: 12:17, 23.12.2019
Сомалиде шегірткенің көбеюінен ашаршылық қаупі төнді

Сомалиде шөл дала шегірткелері қаптап, ашаршылық қауіпі күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зиянкес жәндіктер ондаған мың егістік алқабы мен жайылымды құртып жіберген. Жергілікті фермерлер билік пен халықаралық ұйымдардан көмек беруді сұрап жатыр. Алайда елдегі қарулы қақтығыстар зиянкестермен күресуге кедергі болуда. Себебі, олар ұшақпен шегірткелерге қарсы улы заттар шашуға мүмкіндік бермей отыр. БҰҰ Сомалидегі апатты жағдай Эфиопия, Судан, Эритрея, Кения, Джибути елдерінде де орнауы мүмкін дегенді айтады.

Хабар 24 телеарнасы