429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда қайықтан жеті адамның мәйіті табылды

  • 488
  • UPD: 18:23, 29.12.2019

Жапониядағы Садо аралының жағалуынан ішінде 7 адамның мәйіті бар қайық табылды. Тұрғындар оны кеше көрген.

Бірақ құтқарушылар ауа райының қолайсыздығынан қайыққа жете алмай, оны тек таяуда тексере алды. Қайықтағы мәйіттер Солтүстік Корея азаматтарынікі болуы мүмкін. Өйткені одан корей тілінде жазбалар табылған. Қазір оқиғаның қалай болғаны анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы