377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяның «Бір белдеу, бір жолға» неліктен қосылуы мүмкін екені анықталды

  • 195
  • UPD: 20:45, 29.12.2019

Оңтүстік Кореянның Қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қосылуы Сеул мен Пхеньянның қарым-қатынасына байланысты.

Жаһандық жоба Сеул университетінде өткен семинарда талқыланды. Сарапшылар Президент Пак Кын Хенің 2013 жылғы еуразиялық бастамасының өміршең болмағанын еске салды. Инфрақұрылымдық жоба екі Кореяны, Қытайды, Орталық Азия мен Еуропаны жалғайтын автомобильдер мен теміржолдар желісін құруды көздеген. Президент Мун Чже Инның жаңа Солтүстік экономикалық саясатында ұқсас мақсаттар бар. Алайда оның жүзеге асуына Сеул мен Пхеньян қатынасының салқындауы және АҚШ-тың санкциялары кедергі келтіруде.

Ли Джон Хун, Сеул Ұлттық университетінің профессоры:

- Корея ресми түрде «Бір белдеу, бір жол» жобасына қатысқан жоқ. Болашақта Қытаймен қарым-қатынас жақсарады деп ойлаймын. Жақында Бейжіңде екі ел басшылары бұл жобаны талқылады. Қытаймен жақындасуға АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін Корея аумағына орналастыруы да кедергі келтіруде. Екі жақты байланыстың жақсаруына уақыт керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы