431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия жағалауына тропикалық циклон соққы берді

  • 936
  • UPD: 12:41, 07.01.2020
Австралия жағалауына тропикалық циклон соққы берді

Австралияға тағы бір табиғат апаты қауіп төндіре бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда алапат орман өртімен қатар «Блейк» деп аталатын тропикалық циклон ойран салуы мүмкін. Сейсенбі күні аймақта толассыз жауын-шашынмен бірге жылдамдығы сағатына 125 шақырымды құрайтын сұрапыл дауыл тұрады деп күтілуде. Қазірдің өзінде өрттен көз ашпай келе жатқан елде біршама жауын жауған.

Хабар 24 телеарнасы