376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чили халқы үкіметке неге наразы

  • 239
  • UPD: 12:02, 11.01.2020
Чили халқы үкіметке неге наразы

Чили астанасы Сантьягода шерушілер қайтадан полициямен қақтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ызаланған халық тәртіп сақшыларына қолға түскеннің бәрін лақтырған. Осыған байланысты полицейлер наразы жұртты тарату үшін көшеге су шашатын машиналарды шығарды. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Айта кетейік, Чилидегі ереуілдер қазан айында басталған болатын. Оған қоғамдық көлік ақысының қымбаттауы себеп болған еді. Бұған қоса ереуілге шыққандар елдегі жалақының төмендігін, тегін медицина қызметтері мен сапалы білімнің болмауына наразы.

Хабар 24 телеарнасы