413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада 11 жастағы оқушы мектеп ішіне қару алып кіріп, жағалай оқ атты

  • 420
  • UPD: 19:56, 11.01.2020
Мексикада 11 жастағы оқушы мектеп ішіне қару алып кіріп, жағалай оқ атты

Мексикада 11 жастағы оқушы мектеп ішіне қару алып кіріп, жағалай оқ атқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір мұғалім мерт болып, тағы 6 адам жарақат алды. Олардың бесеуі 7 мен 13 жас аралығындағы балалар, қалған біреуі ересек адам. Ал оқ атқан жеткіншек соңынан өз-өзіне қол жұмсапты. Әзірге оқушының неге бұлай істегені белгісіз.  Қанды оқиғаға ел президенті де алаңдап, қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы