412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандағы ұшақ апатына байланысты консулдық мәселелер бойынша жұмыс тобы құрылды

  • 339
  • UPD: 15:30, 12.01.2020
Ирандағы ұшақ апатына байланысты консулдық мәселелер бойынша жұмыс тобы құрылды

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави Тегеранда құлаған Украина ұшағында қайтыс болғандардың ісі бойынша Консулдық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

Киевке ұшып бара жатқан «Украина халықаралық әуе желісі» компаниясының Boeing 737-800 ұшағы 8 қаңтарда сәрсенбі күні Тегеран әуежайынан ұшып шыққан соң апатқа ұшырады. Ұшақта болған 176 адам түгел мерт болды. 167 жолаушының арасында Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары болған және 9 экипаж мүшесі бар. Ол Иран Ислам Республикасының саяси және консулдық миссиясының өкілдері мерт болған азаматтардың отбасыларының қажеттіліктерін жіті қадағалап отырғанын айтты. «Иран сыртқы істер министрлігінде ұшақ құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсететін арнайы жұмыс тобы құрылды», - деп мәлімдеді Мусави. Ол Иран Ислам Республикасының саяси және консулдық миссиясының мерт болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсететінін атап өтті.

IRNA

Хабар 24 телеарнасы