419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдегі ең ерекше мұражайлар туралы не білеміз

  • 2493
  • UPD: 11:23, 13.01.2020
Әлемдегі ең ерекше мұражайлар туралы не білеміз

Әлемде көрмеге қойылған ерекше заттарға арналған мұражайлар бар.

Адам бас сүйектері қойылған мұражай. Мюттер мұражайы, Филадельфия

Филадельфиядағы Мюттер мұражайы – әлемдегі ең ежелгі коммерциялық емес ұйымдардың бірі. Мұнда адамдарда болатын көптеген бас-ми аурулары таныстырылады.

Музейде Альберт Эйнштейннің миының бір бөлігі сақталған 139 адамның бас сүйегі қойылған. Сондай-ақ өткен ғасырлардағы медицина құралдарын тамашалауға болады.

Канкундағы су асты мұражайы. Мексика

Канкун су асты мұражайында маржан өсіруге көмектесетін материалдардан жасалған 500-ден астам мүсін қойылған. Олар су астында 4521 шаршы метрді алып жатыр.

Портлендтегі халықаралық криптозоология музейі, АҚШ

Бұл мұражай беймәлім, тіпті олардың тіршілік еткендігі дәлелденбеген жануарларды зерттеуге арналған.

Рамен мұражайы. Осака, Жапония

Раменннің жапондықтардың дәстүрлі кеспе тағамы екені бәріне мәлім. Тіпті оған Осака қаласында тұтас бір мұражай арналған. Мұражайда келушілер раменнің пайда болу тарихын біліп, өз қолдарымен рамен әзірлей алады. Мұражайда 800 қалта раменмен безендірілген туннель бар.

Иттердің қарғыбауларына арналған мұражай. Англия

Мұражай XII ғасырға жататын қамалда орналасқан. Мұражайдан қарғыбаулардың алтын жалатылған барокко кезеңінен бастап қазіргі кезге дейінгі барлық түрлерін тамашалуға болады.

Сирек кездесетін жәдігерлердің бірі – XV ғасырдағы мастиф тұқымды итке аюлар мен қасқырлардан қорғау үшін тағылған қарғыбау.

Нидерландыдағы микробтар мұражайы

Амстердамдағы бұл мұражай әлемдегі ең кішкентай организмдермен таныстырады. Ол Нидерландыдағы ең көне Natura Artis Magistra зообағының ішінде орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы