427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия билігі бүлінген орман алқаптарын қалпына келтіруге күш салмақ

  • 578
  • UPD: 11:40, 13.01.2020
Австралия билігі бүлінген орман алқаптарын қалпына келтіруге күш салмақ

Австралия федералды билігі алапат өрттің салдарын жоюға 35 миллион доллар бөлмек.

Бұл туралы министр Сьюзан Лей тwitter-дегі парақшасында жазды.

«Бүгін мен табиғи апаттан қатты бүлінген жасыл желек пен жануарлар әлемін қалпына келтіру үшін 35 миллион доллар бөлетінімізді хабарлаймын. Сондай-ақ, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың жұмысына да тиісті қолдау көрсетіледі» , – деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, 27 адамның өмірін қиған орман өрті өткен жылдың қыркүйегінен жалғасып жатыр. Тілсіз жау құрлықтың флорасы мен фаунасына айтарлықтай зиянын тигізді. Елде төтенше жағдайдың орнауына әкеп соққан негізгі 3 факторды атаған едік. 

Хабар 24 телеарнасы